АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - Премьер-Министр Серік Ахметовтің пайымынша, көлік жолдарының жағдайын тиісті деңгейде ұстау үшін оларды ақылы ету керек.
Бұл туралы ол Үкімет отырысында айтты.
«Автомобиль саласын реформалау үшін бізге төлем ақысын енгізу керек. Себебі, төлемді енгізбей автокөлік жолдарын күтіп ұстауды бірде-бір бюджет көтере алмайды. Атап айтқанда, бұл тұрғыда жергілікті, сондай-ақ республикалық бюджетке де қиын түседі»,-деді Үкімет басшысы.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.