«Бүгін біз Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес құқық қорғау реформаларын жүзеге асыру бойынша министрлер мен ведомстволардың функцияларын бөлу туралы Қаулы қабылдадық. Осыған байланысты ІІМ аясында көші-қон полициясы комитеті құрылады. Сондықтан тиісті функциялар еңбек министрлігінен ІІМ-не өтеді. Ендігі кезекте көші-қон мәселесіне байланысты ІІМ мен Төтенше жағдайлар министрлігі бірлесе отырып бұл бағытта нақты жоспарлар әзірлеп ұсынуды тапсырамын», деді К. Мәсімов.
Бұл ретте Үкімет басшысы көші-қонның кейде жоспарлы, кейде жоспардан тыс болатынын еске сала келе, аталған мәселеде нақты бағыттар болуы, тиісті шаралар қамтылуы қажеттігін алға тартты.
«Сондықтан да, көші-қон мәселесін жүзеге асыру туралы нақты іс-шаралар жоспары болуы тиіс, осы аптада әзірлеңдер», деді Үкімет басшысы.