деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Компанияның мемлекеттік сатып алулардағы бағыты жақсы, алайда одан әрі ілгерілеу қажет. Әрине, қолданыстағы жабдықтардың тозығы жеткендігі проблема. Бірақ екінші жағынан бұл үлкен мүмкіндік. Себебі біз еліміздің теміржол көлігі машинасының дамуына серпін береміз», деді К. Мәсімов бүгін аталмыш компанияның алқа мәжілісінде.
Оның айтуынша, еліміздің теміржол көлігі машинасының өндірісі келешекте сыртқы нарықта бәсекелесе алатын технологиялық жағынан дамыған өндіріс болуы тиіс. «Себебі, біз өндірісті жолға қойып алсақ, өндімдерімізді экспорттай аламыз», деді ол.