17:26, 08 Маусым 2009
Үкімет басшысы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бойынша агенттік құруды ұсынды
АСТАНА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бойынша агенттік құруды ұсынды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз бұл мәселені нақтылап, зерделеп шықтық. Атап айтқанда, бұл Үкімет өкілеттілігінен асып отыр. Сондықтан біз Сізден Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жөніндегі агенттік құру туралы өтініш жасап отырмыз», - деді Премьер-Министр Кәрім Мәсімов.
Президент, «егер бұл шаралар келісілген болса, онда осы мәселені шешу керектігін» айтты.
Елбасы құрылыс сапасын қадағалау, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, сондай-ақ бұл саладағы бағыттар бойынша агенттік жұмыс істеуі керектігін атап өтті.