Үкімет басшысы құтқарушыларға алғыс білдірді
12:16, 14 Қаңтар 2011
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов барлық құтқарушыларға өз алғысын білдірді.
«2010 жыл төтенше жағдайлар жағынан аса ауыр жыл болды. Ол кезде қаржы мен техниканың бар-жоқтығына қарамастан, туындаған проблемаларды шұғыл түрде шешу керек болды. Осы сәтті пайдалана отырып, мен сол уақытта жауапкершілікті өздеріне алып, шұғыл шешімдер қабылдай білген азаматтарға өз алғысымды білдіремін. Президенттің тапсырмасына орай, біз су тасқынынан зардап шеккен Қызылағаш пен Шығыс Қазақстан облыстарында болдық. Осы орайда Сіздердің ұжымдарыңыздың мықты екендігін атап өткім келеді. Жергілікті орынадарда қызмет атқарып жатқан азаматтар өз жұмысын біледі», - деді К.Мәсімов.
Жалпы, Үкімет басшысы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 2010 жылғы қызметіне оң баға берді.