қпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Ішкі істер министрлігінің жедел басқару орталығында болғанда Мәдениет және ақпарат министрлігіне телеарналарда жол қозғалысының қауіпсіздігіне байланысты ақпараттық қолдау жасауды тапсырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жол қозғалысы мен жол қауіпсіздігі мәселесіне тоқталған К. Мәсімов, «Бұл шараларды біз екі жыл бұрын бастаған болатынбыз. Осының аясында тиісті бейнероликтер мен ақпараттық қамтамасыз ету шаралары телеарналарда болуы тиіс. Қысқа мерзімде осы мәселені атқару қажет», деді Премьер-Министр Мәденет және ақпарат министріне қаратып айтқан сөзінде.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.