«Біздің әрекеттеріміздің барлығы ашық болуы және БАҚ арқылы жұртшылыққа жетіп жатуы керек. Бұндай проблемаларды бүркемелеудің қажеті жоқ. Бұл жұмыс жүйелі, тұрақты әрі ашық болуы шарт. Елбасы мемлекеттік органдар мен Үкімет жұмысының БАҚ-ғы көрсетіліміне қанағаттанған емес. Сондықтан да, мәдениет және ақпарат министрлігі белсенді бола түсуі керек. Біз өз жұмыстарымызбен айналысып жатырмыз, ал бұл ведомствоның жоспарлы жұмысы көрінбей келеді, әсіресе соңғы уақыттары», - деді С. Ахметов.
Еске сала кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 11 қазандағы Ақордада өткен кеңесте берген тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланған болатын.