Үкімет басшысы Маңғыстаудағы бірқатар инновациялық өндіріс орындарының жұмысымен танысты

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Маңғыстауда жұмыс сапары барысында бірнеше инновациялық өндіріс кәсіпорындарын аралап, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Цифрландырубағдарламасы аясында ірі кәсіпорындар жаппай автоматты теxнологияларменжабдықтануда. Соның бірі - Мұнайлы ауданында орналасқан «Шлюмберже»компаниясының өндірістік базасы. Мұнай қондырғысын жасайтын зауыт еліміздегіқара алтын кеніштерін толық қамтып отыр. Цех әлемдік стандартқа сайжабдықталған. А. Мамин мұнай кен орындарына қызмет көрсету бойынша кәсіпорынныңжаңа өндірістік және сервистік мүмкіндіктерімен танысты.


«Кәсіпорында жылына1 000 дана мұнай сорғысы дайындалады. Қазіргі таңда дайын өнім ішкі нарыққа шығарылуда. Жабдықтар ішкісұранысты қамтып қана қоймай, Каспий аймағы мен таяу Шығыс елдерінежөнелтіледі. Сонымен қатар, кәсіпорында бөлшектерге жөндеу жұмыстарыжүргізіледі», - дейді зауыттың бас директоры Мухамед Разиев.

Әрі қарай, АсқарМамин жоғары сапалы жол битумдарын өндіретін «Каспи битум» бірлескен кәсіпорынжұмысымен танысты. Мұнда жылына 1 млн тонна мұнай қайта өңделеді, 400 мың тоннатотыққан битум, 120 мың тонна жетілдірілген битум өндіріледі. Бұл Қазақстаннарығының тең жартысын құрайды.


Шөлейтті Маңғыстауүшін ауыз сумен қамту – басты мәселе. Қазір Мұнайлы, Қарақия ауданы мен демалысаймақтарын қамтамасыз ететін «Каспий»тұщыландыру зауыты ауыз су өндіру көлемін келесі жылы арттырмақ. Бүгіндекәсіпорын күніне 20 мың текше метр теңіз суын тазартып отыр. Мекеме басшысыныңайтуынша 2020-2021 жылы зауыт 40 мыңтекше метр су тұшытып, екі ауданнан бөлек Түпқараған мен Өмірзақ ауылына да ауыз су жіберуді жоспарлауда. Бұл - шөлейтті Маңғыстаутүбегіндегі ауыз су мәселесін шешуге мүмкіндік бермек.

Өңірдегі құрылысықарқынды басталған ғимараттың бірі – «Әбіш Кекілбаев мәдени орталығы».


Асқар Мамин құрылыснысанын аралап, жобамен танысты. Жоспарбойынша бұл жерде 2 қабатты мәдени орталық, облыстық музей мен кітапханаашылады. Жауапты мамандардың айтуынша, мұражайдың құрылысы қыркүйек айындааяқталып, пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, ғимарат ортасында су бұрқақтар,көлік тұрағы мен демалушыларға арналған орындықтарды қою қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар