21:17, 27 Сәуір 2009
Үкімет басшысы мұнай-газ мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді
АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мұнай-газ мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Отырыс барысында көгілдір отын саласында жобаларды іске асырудың кейбір мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсібінің қажеттілігін есепке ала отырып, елімізде газды тұтыну мен өндірудің ағымдағы және болжамдық көрсеткіштері қаралды.