«Бюджет кірістеріне тоқталсақ, бюджет пен Ұлттық қор түсімдерінің азаюы болмайтынын байқап отырмыз. Мысалы, мұнай секторынан бір жылда Ұлттық қорға 3,9 трлн теңге түсім жоспарланған еді. Ал 10 айдың қорытындысы бойынша бұл жоспар қазірдің өзінде триллион теңгеге артығымен орындалғанын көріп отырмыз», - деді Әлихан Смайылов Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Үкімет басшысы республикалық бюджетке түсетін кірістерге де тоқталды.
«Республикалық бюджетке түсетін кірістерді айтатын болсақ, біз экспорттық кедендік баж салығы бойынша жылына 1,8 трлн теңгені жоспарлаған болатынбыз. 10 айдың қорытындысы бойынша қазірдің өзінде 1,4 трлн теңге түсті, сондай-ақ қалған қаражат алдағы екі айда түседі. Әлемдік мұнай нарығында қалыптасып жатқан конъюнктура мен бағаның арқасында бізде мұнай-газ секторынан Ұлттық қор мен республикалық бюджетке түсетін барлық түсімдер толық көлемде қамтамасыз етіледі», - деді Әлихан Смайылов.
Фото: we1group.com