«2013 жылдың 31 наурызындағы және 20 қыркүйектегі жағдай бойынша Павлодар облысында коммуналдық қызмет тұрғысында дебиторлық қарыз жоқ. Жалпы алғанда коммуналдық қызметтер үшін қарыздар көлемі айтарлықтай төмендеп келеді. Егер жартыжылдық бойынша коммуналдық қызметке борышкерлікті 10 пайыздан төмендететін болсақ, меніңше бұл жақсы нәтиже. Бұл тұрғыда өңірлердің бір бөлігі белсенді жұмыс атқарса, қалғандарында осы шаралар ұмыт қалуда»,-деді Үкімет басшысы.
«Коммуналдық қызмет үшін дебиторлық қарыз менеджментке байланысты болса, онда облыс, Алматы және Астана әкімдіктерімен осы мәселеге жауапты басшылардың лауазымының сәйкестігі бойынша мәселені қарастырыңыздар. Атап айтқанда, бұл туралы қаншалықты айта беруге болады?! Мүмкіндік бар ғой, яғни еліміздің 5 өңірінде коммуналдық қызметке ағымдағы қарыздар ғана қалды. Қарастырыңыздар»,-деді С. Ахметов Өңірлік даму министрлігіне қарата айтқан сөзінде.