Үкімет басшысы орынбасарларына Жалпыұлттық жоспардың орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды

АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат -   Үкімет басшысы өзінің орынбасарларына 2050 жылға дейінгі жаңа Стратегияны

жүзеге асыру тұрғысындағы Жалпыұлттық жоспардың орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Мұндай тапсырманы Премьер-Министр Серік Ахметов бүгін Үкімет отырысында жүктеді.

«Қазіргі уақытта Үкіметтің, атқарушы органдардың барша жұмысы 2050 жылға дейінгі еліміздің дамуының жаңа Стратегиясын жүзеге асыруға бағытталады. Осы құжатты жүзеге асыру бойынша Жалпыұлттық жоспарды бекіту тұрғысында Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды. Осы орайда мемлекеттік органдардың, өңір әкімдерінің мақсаты оны міндетті түрде орындауға негізделеді»,-деді ол.

«Сондықтан Премьер-Министрдің орынбасарларына өздерінің бағыттары бойынша қатаң бақылау жасап, Жалпыұлттық жоспардың орындалу мониторингін ұйымдастыруды тапсырамын»,-деді С. Ахметов.