Бұған дейін Социалистік партияның көшбасшысы Сергей Станишев 5 қазанда мерзімінен бұрын сайлау өтетіндігін мәлімдеген болатын. Ал мұндай шешім парламентке сенімсіздік вотумы бойынша дауыс беруге бірнеше мәрте бастамашы болған оппозиция тарабынан ел Үкіметіне де сынның жиілеп кету салдарынан қабылданған.
Айта кетерлігі, бұл небәрі 2 жылға толмас уақытта елде өткізілетін мерзімінен бұрынғы екінші сайлау болмақ. Есте болса, өткен жылдың мамырында энергия ресурстарына бағаның күрт өсуіне халық наразылық танытып, Бойко Борисов басқарған үкімет отставкаға кеткен еді.