Үкімет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысты

АСТАНА. 30 маусым. ҚазАқпарат - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысты. Бұл туралы www.facebook.com:80/KMassimov блогында жазылды.

Бүгін ҚР Парламентінің төртінші шақырылымының төртінші сессиясы аяқталып, депутаттар екі айлық каникулға кеткенін ҚазАқпарат бұған дейін хабарлаған болатын.

Заң шығару жұмысының қорытындылары туралы баяндама жасаған Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов, осы сессия барысында Парламентте 190 заң жобасы қаралып, оның 144-і қабылданған және 170-сіне Мемлекет басшысы қол қойғанын мәлім етті.

Толығырақ http://pm.kz сайтынан, сондай-ақ www.facebook.com:80/KMassimov , http://vkontakte.ru/kmassimov блогтарынан оқи аласыздар.