(Қаржы полициясы) төрағасы болып тағайындалған бұрынғы Әділет министрі Рашид Түсіпбековті қиын кезеңде атқарған жұмыстары үшін алғыс білдірді.
«Рашид Төлеутайұлы сізді Үкіметтен жіберу, әрине, өкінішті. Өйткені біз бірлесіп, осы қиын кезеңдерде жемісті қызмет атқардық. Еліміздің Әділет министрлігі Үкімет жұмысы жүретін базалық министрлік болып табылады», - деп атап өткен Премьер-Министр Р.Түсіпбековке министрлікте атқарған жұмыстары үшін зор алғысын жеткізді.
Өз кезегінде 2009 жылдан бастап әділет органдары барлық бағыттар бойынша көрсеткіштерді жақсартуда ауқымды жұмыстар атқарғандығын баса айтқан Р.Түсіпбеков: «Қазіргі уақытта әділет органдары алға қойылған міндеттерді оң орындау үстінде. Мен біздің жетістіктерімізді ең біріншіден әділет органдары қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі мен жанқиярлық еңбегінің арқасында деп білемін, сол үшін де сіздерге алғысым шексіз», - деді.