Үкімет басшысы С.Ахметов Қостанай облысына барады

None
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат -Үкімет басшысы осы аптада Қостанай облысына барады.

«12  желтоқсанда ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Қостанай облысына сапармен барады деп күтілуде. Осының аясында Үкімет басшысы облыстағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы барысымен танысатын болады»,-деп мәлім етті бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.