Үкімет басшысы шілде айында депутаттар көтерген мәселеге қатысты арнайы кеңес өткізеді

None
;АСТАНА. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Үкімет басшысы шілде айында депутаттар көтерген мәселеге қатысты арнайы кеңес өткізеді.

Онда Үкімет мүшелері мен барлық әкімдер депутаттар сауалына жауап береді. Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында депутаттардың сауалына жауап берген Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті.

«Бүгін Парламент депутаттары Үкіметтің әрекеттеріне толық қолдау білдірді деп ойлаймын. Сонымен қатар мен бүгін жауап беріп үлгере алмаған сауалдар бойынша арнайы шешім қабылдадым. Соған сәйкес шілде айында Үкіметтің арнайы селекторлық кеңесін өткізетін боламыз. Үкімет мүшелері мен барлық әкімдер бүгінгі жиында көтерілген әрбір мәселеге жауап беретін болады», деді К. Мәсімов.