Үкімет басшысы бірқатар ірі өнеркәсіптік нысанның қызметімен, өңірлік сауда-логистикалық хаб жобасымен және «Іскер қала» кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын жүзеге асыру барысымен танысады.
Сонымен қатар Әлихан Смайылов әйнек конструкцияларын өңдеу және өндіру зауытын іске қосуға қатысып, әлеуметтік нысандар құрылысын тексереді деп күтілуде.