Үкімет басшысы тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасы амалдарын мақұлдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасы амалдарын мақұлдады. Аталған құжатты ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров таныстырған еді.

Үкімет басшысы қатты қалдықтарды басқару мәселесі шетелдік сарапшылардың қатысуымен 2 жыл бойы жан-жақты талқыланғанын атап өтті.

«Бүгін біз бұл бағдарламаны қабылдауға да келіп жеттік. Толықтай алғанда айтылған амалдарды мақұлдауды ұсынамын. Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне, Кеңсеге (ҚР Премьер-Министрі Кеңсесіне) тиісті қаулының жобасын енгізуді тапсырамын», - деді С.Ахметов.