20:16, 05 Мамыр 2009
Үкімет басшысы жұмыс бабындағы бірқатар кездесулер өткізді
АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бірқатар жұмыс бабындағы кеңестер өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еліміздің химиялық өнеркәсібін дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте аталмыш салада нақты өндіріс орындарын қүруға қатысты индустриялық жобалар мен біріккен химиялық компаниялар қызметі жөніндегі ұсыныстар қаралды.Инвестициялық жобалар мәселелері жөніндегі кеңеске қатысушылар экономиканы әртараптандыруға және озық инфрақұрылымды құруға бағытталған жобаларды Қазақстан даму банкінің қаржыландыруы туралы мәселелерді, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың тетіктерін талқылады.