деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Меніңше, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және ҚР Мұнай және газ министрлігі жүргізіп жатқан көктемгі егін науқанына дайындық жұмыстарын жоғары бағалауға болады. Ең бастысы, бізде бұған дейін болған жанар-жағармай мәселесі ушығып тұрған жоқ. Енді кезекті қолға алған барлық келісімдер мен іс-шараларды аяғына дейін жеткізу керек», деді К. Мәсімов.
Осы орайда Үкімет басшысы шегіртке мәселесіне алаңдаушылық білдірді. «Менің білуімше, биыл көктем қысқа болып, қыстан кейін бірден жаз шығуы ықтимал. Сондықтан ауа райы шегірткенің таралуына қолайлы жағдай туғызып тұр. Осы мәселеге баса назар аударған жөн», деп атап көрсетті К. Мәсімов.
ҚР Премьер-Министрінің айтуынша, көктемгі егін науқанына дайындық жұмыстарына қатысты кезекті селекторлық кеңесті мамырдың басында өткізу жоспарланған.