Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Нысанды аралау барысында Б. Сағынтаевқа газ турбиналары мен мұнай-газ жабдықтарын өндіретін цехті жөндеу жұмыстары жүргізілетін сервистік орталықтың жұмысы туралы баяндалды.
Машина жасау компаниясы металл құрастырылымдарын, тұрғын мобильді ғимараттарын, құрылыс жабдықтарын және ауыл шаруашылығы жабдықтарын шығарумен айналысатын жоғары технологиялық өндірістік кешен. Сонымен қатар, зауыт еліміздің қорғаныс өнеркәсібінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын әскери және азаматтық маңызға ие авиациялық қозғалтқыштарды жөндеу жұмыстарын да жүргізеді.
Бұдан өзге, ҚР Президентінің тапсырмасымен кәсіпорын базасында General Electric компаниясымен бірлескен түрде, аталған фирма жабдықтарының жұмыстарын орындауға қауқарлы Қазақстандағы жалғыз ресми орталық болып табылатын газ турбиналарын жөндейтін сертификатталған сервистік орталық құрылды.