«Ертең ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов 2012 жылы жүргізілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу қорытындысын талқылау мақсатында Үкімет отырысын өткізеді», -деді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.
Сондай-ақ ресми өкіл атап өткендей, жұма, 12 сәуір күні Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барады. Онда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен тұрғын үй құрылысын жаңғырту бағдарламасын іске асыру барысымен танысып, бірқатар өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындарына ат басын бұрмақ.
Орал қаласында Премьер-Министр БҚО активінің отырысын өткізеді деп жоспарлануда.