АЛМАТЫ. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - 18 қаңтарда Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, оның барысында ғарыш саласындағы даму мәселелері талқыланады.
Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«Сондай-ақ, С. Ахметов алдағы аптада еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері бойынша бірқатар отырыстар өткізеді деп жоспарлануда».
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.