Үкімет басшысының Pm.kz сайтының жаңа нұсқасы іске қосылды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Pm.kz сайтының жаңа нұсқасы іске қосылды, деп хабарлады Үкімет басшысының ресми сайты.

Бұл ақпараттық порталдың өзгеше ерекшеліктері ыңғайлы интерфейс, жаңартылған дизайн, қолжетімділік және мобильділік болмақ. 

«Сіздер үшін Pm.kz ҚР Премьер-Министрінің және Үкіметінің жұмысы туралы барлық өзекті, жедел және анық ақпаратты таба алатын пайдалы ресурсқа айналады деген үміттеміз», - делінген сайттың хабарламасында. .

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қызметі туралы түрлі ақпаратты сондай-ақ мына жерден таба аласыздар: 

https://twitter.com/karimmassimov

https://www.facebook.com/KMassimov

https://vk.com/kmassimov