АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Ағымдағы аптада Үкімет басшысының төрағалығымен экономиканы жаңғырту бойынша отырыс өтеді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибулаев мәлім етті.
«30 қаңтарда Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен мемлекеттік комиссияның экономиканы жаңғырту бойынша отырысы өткізіледі»,-деп атап өтті ресми өкіл.
А. Әбибулаевтің сөзіне қарағанда, осы аптада С. Ахметов еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар отырыстарды өткізеді деп жоспарлануда.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.