Үкімет басшысының төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті

АСТАНА. Қыркүйектің 16-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері  жөніндегі мемлекеттік  комиссияның (ЭЖМК) кезекті отырысы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпаратҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Кеңеске қатысушылар Қазақстанның ағымдағы экономикалық дамуының көрсеткіштері мен экономиканың түрлі салаларында іскерлік белсенділікті ынталандыруға қатысты шараларды талқылады.

Сонымен бірге, ЭЖМК отырысы барысында азық-түлік және өңдеу өнеркәсібінің субъектілерін несиелендіру жайы, Алматы және Астана қалаларындағы бірқатар нысандардың құрылысын аяқтау барысы қаралды.