«Мемлекет басшысы Үкіметке Қазақстанның ұлттық технологиялық жаңғыртуының 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарын дайындауды тапсырды. Ұлттық экономика министрлігі жоспарды дайындауға дереу кірісуі қажет. Тимур Мұратұлы, (Ұлттық экономика министрі - агенттік) Сіз Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудың жалпыұлттық жоспарын дайындап, Үкіметке тез арада Елбасы Жарлығының жобасын енгізіңіз»,-деді Сағынтаев Ұлттық экономика министріне тапсырма бере отырып.
Сондай-ақ, Үкімет басшысы Президенттің əрбір тапсырмасының нақты мерзімдерін, оған жауапты лауазымды тұлғаларды белгілеп, Жолдаудың дер кезінде орындалуын қатаң бақылауға алу керек деген тапсырма берді.
Сағынтаев жалпыұлттық жоспарды 7 ақпан күнгі Үкімет отырысында талқылап, қабылдайтынын мəлім етті.