Үкімет биыл 18 заң жобасын әзірледі - Әділет министрлігі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Үкіметі биыл 18 заң жобасын әзірледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Әділет вице-министрі Марат Бекетаев мәлім етті.

«Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2016 жылға арналған жоспарында 26 заң жобасын әзірлеу қарастырылған болатын. Алайда, жыл басында жоспарға бірқатар өзгерістер енгізілді. Осыған байланысты, жоспарда қазіргі уақытта он сегіз заң жобасын әзірлеу жоспарланып отыр. Оның ішінде үш заңға Мемлекет басшысы қол қойды, төрт заң Парламент тарапынан қабылданды. Он бір заң жобасы Парламенттің қарауында»,-деп хабарлады вице-министр.

М.Бекетаевтың хабарлауынша, Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша қосымша пысықтау үшін және ақпараттық-насихат жұмыстарын қажет еткен соң, жоспардан бірқатар заң жобалары алынып тасталған екен. Яғни, уәкілетті органдар 2016 жылы әзірленеді деп жоспарлаған тағы жеті заңды 2017 жылдың еншісіне қалдырды деге сөз.