Үкімет экономиканы цифрландыру тәсілдерін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев цифрлық экономика мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz .

Кеңес барысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасында ұсынылған экономиканы цифрландыру бойынша тәсілдер талқыланды, сондай-ақ оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қолжетімділікті қамтамасыз ету және ІТ-салаға арналған білікті кадрлар даярлау мәселелері қаралды.