Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Заң жобаларын Әділет министрі Рашид Түсіпбеков таныстырып өтті.
Премьер-Министр Кәрім Мәсімов өз кезегінде, бұл құжаттарда Елбасы тарапынан берілген барлық тапсырмалар ескерілгенін атап өтті.
Осы орайда Үкімет басшысы заң жобасын әзірлеуге қатысқандарға, Үкімет мүшелеріне, Президент аппаратына қысқа мерзімде жүктелген барлық міндеттерді уақтылы орындауына байланысты алғысын білдірді.