«Біз қазіргі күні депутаттардың ұсынысы бойынша «Электр энергетикасы туралы» заң жобасын шақыртып алып жатырмыз, бұған Үкімет те келісімін берді. Сонымен қатар, енгізіліп отырған өзгерістер, қуат нарығы - мұның бәрі шынында күрделі мәселе әрі бұл нормалардың барлығы біздің Еуразиялық экономикалық одақтың нормаларымен бірдей болуы керек. 2019 жылға қарай қол қойылған құжаттар бойынша біз электрэнергетикалық рыноктарды біріктіруге тиіспіз», - деді В. Школьник.
Оның сөзіне қарағанда, заң жобасы Еуразиялық интеграциялық үдерістер ескеріле отырып, толықтырылатын болады.