деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаржы министрі Болат Жәмішевтың айтуынша, ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап бағалы ұсыныстарға тапсырыс беру тек электрондық түрмен жүзеге асып келеді. Ал наурыздың 25-індегі жағдай бойынша бұл жүйеде 20 мыңнан астам тапсырыс берушілер тіркелсе, 30 мыңға тарта сатып алушылар тіркелген. Министрдің сөзіне қарағанда электрондық сатып алулар тәртібі енгізілгеннен кейін, ағымдағы жылдың өзінде 21 млрд. теңге сомасында қаражат үнемделген.
«Қаржы министрлігі өткен жылы электронды конкурстардың үлгісін жасап шыққан болатын. Бұл жобаны енгізуге қатысты ағымдағы жылы Қаржы министрлігінің өзі ілкі аймақ ретінде ұсынылады. Электрондық конкурсты жүзеге асыру мемлекеттік сатып алу барысында «Электрондық Үкімет» компоненттерімен ақпараттық ықпалдастықты қарастырады. Сонымен бірге, электрондық конкурстар ұйымдастырушылар үшін де, әлеуетті жеткізушілер үшін де мемлекеттік сатып алулардағы үдерістерді барынша жеңілдете түседі», деді Б. Жәмішев.
Оның айтуынша, электрондық конкурс жүйесі мемлекеттік сатып алудағы барлық үдерістерді жеңілдетуге септігін тигізеді. Бұл ретте «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңға арнайы өзгерістер енгізілетін болады. Атап айтқанда, электрондық сатып алулар бойынша конкурстар өткізу мерзімдерін қысқарту шаралары қарастырылады.
«Сөзсіз электрондық конкурс мемлекеттік сатып алулар үдерісі барысындағы сыбайлас жемқорлық көрінісін төмендетеді. Сонымен бірге, конкурстар бойынша үнемдеу де айтарлықтай жүзеге асады», деді Қаржы министрі.