Үкімет елімізге қанша ветеринарлық пункт қажет екенін талдайды
«Бүгінгі таңда өңірлерді типтік ветеринариялық пункттермен қамтамасыз ету үшін Ауыл шаруашылығы министрігі мен жергілікті атқарушы органдар құрған ветеринариялық пункттерге, станцияларға талаптар әзірленуде. Олардың жобалары мақұлдау сатысында тұр. Қорытындылары бойынша ветеринариялық пункттердің қажетті санына талдау жүргізіледі, қаржыландыру мәселелерін шешу және «Ауыл-Ел Бесігі» жобасы аясында оларды салу мүмкіндігімен 2025 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізу көзделген», - деп жауап берді Асқар Мамин депутаттық сауалға.
Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдар аудандарда 203 ветеринариялық станция, ауылдық округтерде – 2 319 ветеринариялық пункт құрды.
«ЖАО деректеріне сәйкес, аудандардағы ветеринарлық дәрігерлердің 3 122 штаты бар, оның ішінде 1 055 ветеринарлық маман (34,7%) және 2 067 қосалқы маман (65,3%) бар. Ауылдық округтердің ветеринарлық пункттерінде 10 485 штат бар, оның 9 459-ы ветеринарлық мамандар (91%)», - деп түйіндеді Премьер-министр.