Үкімет «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР Заң жобасын бекітті

ТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев таныстырған «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» заң жобасы бекітілді,

деп хабарланған www.facebook.com:80/KMassimov -те.

«Энергия үнемдеу мәселелерін талқыладық», - деп жазды ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Twitter-дегі жеке парақшасында.

Заң жобасы Қазақстанның экономикасын энергия тиімділігі бойынша қамтамасыз ету үшін энергия үнемдеу саласында ұлттық инфрақұрылым қалыптастыруға негіз қалайды. Ол Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі энергия қамтымдылығын 2015 жылға қарай 10, ал 2020 жылға қарай 25 пайызға төмендетуге бағытталады.

Толығырақ ақпаратты http://pm.kz сайтынан, сонымен қатар http://vkontakte.ru/kmassimov порталынан оқуға болады.