«14 қаңтардан бастап «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы»ҰК» АҚ форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыруға өтінімдер қабылдауға кірісті.
Бұл ретте ағымдағы жылы алдын ала қаржыландыруды 80 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл өткен жылғы деңгейден 2 есе артық», - деді ол.
Сондай-ақ, министрдің орынбасары сатып алынатын дақылдардың тізбесі кеңейгенін атады. Олар: жұмсақ бидай, қатты бидай, арпа, сұлы, күнбағыс, зығыр, рапс, соя, қарақұмық және жүгері.
«Қазіргі уақытта 66 млрд теңгеден астам сомаға 374 өтінім келіп түсті. 53,5 млрд теңгеге 176 ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер қаржыландырылды», - деді вице-министр.