«Бүгін Үкімет индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын мақұлдады. Мемлекет басшысы оны бекіткеннен кейін Үкімет шаралардың тыңғылықты жоспарын қабылдайтын болады», деді ол.
Оның атап өтуінше, екінші бесжылдық төрт бағыт бойынша дамытылатын болады.
Біріншісі, макроэкономикалық тұрақтылықты және қаржылық базаның өсімін қамтамасыз етуі тиісті шикізаттық сектор. Екіншісі, өсім сапасын қамтамасыз ететін өңдеу өнеркәсібі. Үшіншісі, болашақта бәсекелестікті қамтамасыз ететін инновациялық сектор. Төртіншісі, адамдарды жұмыспен қамтитын сектор.
«Осы бесжылдықта бизнестің барынша белсенді қатысуын атап өтуге болады. Атап айтқанда, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бағдарламаны әзірлеуге де, оны жүзеге асыруға да атсалысатын болады», - деді Ә.Исекешев.