«Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингі индикаторларын жақсарту жөніндегі шаралардың 2014 жылға арналған Кешенді жоспарын ұсынып отырмыз. Осы рейтинг аясындағы жұмыстың негізгі мақсаты - индикаторлардың ұстанымдарын тек қана жақсарту емес, сонымен қатар аталған рейтингті бизнесті жүргізу үшін қолданыстағы әкімшілік кедергілерді анықтау мен талдау және оларды жою жөнінде қажетті шараларды қабылдау үшін тетік ретінде пайдалану», - деді бүгін Үкімет отырысында ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев.
Оның айтуынша, 19 нормативтік құқықтық акті бойынша тізім қалыптастырылып, оның аясында бес кодекске, үш заңға, он бір заңға қосымша актілерге өзгерістер ескерілген.
Осы өзгерістер қабылданған жағдайда экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, энергетикалық, өндірістік қауіпсіздік саласында кейбір процедураларды жеңілдетуге мүмкіндік туады.
«Рейтингте 189 мемлекеттің арасында 50 орында тұрған жоғары позицияға қарамастан, «Халықаралық сауда», «Құрылысқа рұқсат беру», «Энергиямен қамтамасыз ету жүйесіне қосылу», «Несие алу» индикаторлары тұрғысында көрсеткіштер төмен»,-деді Б. Жәмішев.
Осы орайда Өңірлік даму министрі аталған Кешенді жоспарды жүзеге асыру үшін қажетті заңнамалық актілерге барлық өзгерістер қазіргі кезде дайын тұрғанын атап өтті.