«Қаржы министрлігі алдында басымдықты транзиттік бағыттар бойынша кеден бекеттерін жаңғырту мен автоматтандыру, сондай-ақ кедендік рәсімдеу уақытын 5 есеге қысқарту міндеті тұр», - деді Ә. Смайылов.
Сонымен қатар ол шекарада заңсыз тауар айналымына тосқауыл қоюға қатысты тапсырма берді.
«Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе наурыз айының соңына дейін шекарада заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимыл кешенді жоспары бойынша қадамдарды әзірлеп, Үкіметтің қарауына енгізуі керек», - деді Үкімет басшысының орынбасары.
Бұдан бұрын хабарланғандай, алқа мәжілісінде Әлихан Смайылов жекешелендіру жоспарына байланысты министрлікке тапсырма берген болатын.