Үкімет қаулысымен ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидасы бекітілді
12:48, 24 Қыркүйек 2011
АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидасын бекіту туралы» Қаулыға қол қойды.
ҚазАқпарат құжаттың мәтінін ұсынады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2011 жылғы 15 шілде , Астана, Үкімет үйі №806
Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидасын бекіту туралы
«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ