Үкімет қаулысымен Көмір және оны өндіру, қайта өңдеу, сақтау және тасымалдау өндірістік үдерістерінің қауіпсіздік талаптары бекітілді

АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат - Үкіметтің 2010 жылғы шілденің 17-сіндегі №731 Қаулысымен «Көмір және оны өндіру, қайта өңдеу, сақтау және тасымалдау өндірістік үдерістерінің қауіпсіздіктеріне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

Астана, Үкімет үйі, 2010 жылғы шілденің 17-сіндегі №731 қаулы

Көмір және оны өндіру, өңдеу, сақтау және тасымалдау өндірістік үдерістерінің қауіпсіздіктеріне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы

«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы қарашаның 4-індегі заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ұсынылып отырған «Көмір және оны өндіру, өңдеу, сақтау және тасымалдау өндірістік үдерістерінің қауіпсіздіктеріне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан алты айдан кейін күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ