Атап айтқанда, Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті, Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті және «Астана - Жаңа қала» кедені біріктіріліп, ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті болып өзгертілді.
Сондай-ақ Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті мен Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті біріктіріліп, ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті болып өзгерді.
Қайта құрылымдау Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстары бойынша Кедендік бақылау департаменттеріне де қатысты болды. Екі Департамент ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің ОҚО және Қызылорда облыстары бойынша Кедендік бақылау департаменті болып қайта жасақталды.