деп хабарлайды бұқаралық ақпарат құралдары.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының 2004 жылғы қарашаның 9-ындағы «Техникалық реттеу туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында, ұсынылып отырған «Мұнай-газ өнеркәсібі, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекітуді қаулы етеді», делінген құжатта.
Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен 6 айдан кейін күшіне енгізіледі.
«Мұнай-газ өнеркәсібі, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып отыр.