Үкімет қаулысымен техникалық реттеу мен сапа инфрақұрылымын құрудың жаңа салалық бағдарламасы бекітілді

АНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Үкімет қаулысымен 2010-2014 жылдарға арналған техникалық реттеу мен сапа инфрақұрылымын құрудың жаңа салалық бағдарламасы бекітілді. Бұл туралы бүгін 11 қараша, Халықаралық сапа күніне орай Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғабит Мұхамбетов мәлім етті.

Комитет төрағасының айтуынша, аталған салалық бағдарлама Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде әзірленген. «Бұл бағытта біздің алдымызға нақты әрі маңызды екі міндет жүктеліп отыр. Бұның біріншісі, отандық нарықты қауіпті, сапасыз өнімдерден қорғау. Екінші басты міндет - елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді шығару үшін кеңінен жағдайлар жасау шаралары көзделеді. Сонымен бірге, жаңа салалық бағдарлама аясында отандық тауарларды халықаралық нарыққа шығаруға қатысты мәселелер де орын алып отыр», - деді Ғ. Мұхамбетов.