Сарапшының айтуынша, қазіргі кезде көптеген министрліктер мен ведомстволарда қызметкерлер түнге дейін жұмыс жасайды, бұл олардың денсаулығына әсер етіп, жұмыс тиімділігінің төмендеуіне әкеп соқтырады.
АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - Мемлекеттік органдар жұмыс күнінің ұзақтығы бойынша еңбек заңдылығының сақталуын бақылауға алуы тиіс. Танымал сарапшы, заң ғылымдарының докторы Марат Башимов «Қазмедиаорталығында» өткен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде осындай пікірін білдірді.