Айта кетейік, жақында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің 2010 жылғы шілденің 20-сындағы № 304-ОД бұйрығымен Агенттіктің «Jenington International Inc.» компаниясына (ресейлік «Плюс Золото» ЖАҚ-ның еншілесі) экономикалық шоғырландыруды рұқсат ету және «KazakhGold Group Limited» комапаниясының жарғылық капиталында дауысқа ие бола алатын 51 пайыздық акциясын сатып алуға келісім беру туралы ұсынымына қатысты 2008 жылғы желтоқсанның 18-індегі №402 - ОД бұйрығының күшін тиісті шешімді қабылдауға дейін тоқтата тұру туралы шешімі шықты. Агенттіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұйрық акция иегері - «KazakhGold Group Limited» компаниясынан келіп түскен өтініші негізінде және ҚР Экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінің қылмыстық іс қозғау туралы қаулысы ескеріле отырып шығарылды
«Бұл проблема бар, сондай-ақ бұл мәселе бойынша қазақстандық және ресейлік акционерлердің үндеуі болды. Осы мәселені тиісті министрлік қарастырып жатыр. Біз тараптардың мүдделері ескерілуі үшін аталған даудың достастық тұрғыда реттелетініне үміт артамыз», -деді Үкімет басшысы қойылған сауалға жауап беру кезінде.