«Біздің есептеулеріміз бойынша, бүгінгі таңда қажетті инвестиция көлемі шамамен 656 млрд. теңгені құрайды. Инвестиция көзі бір тараптан дәстүрлі республикалық бюджет болып саналады. Келесі тараптан өңірлер бюджеті, сондай-ақ мемлекеттік-жеке серіктестік жобалар мен жеке инвестициялардан да қаржы құйылады. Осылайша бұл бас сызба Үкімет тарапынан мақұлданды», - деді ол.
Министрдің атап өтуінше, бас сызбаға сәйкес 2030 жылға қарай еліміздің 13 облысы толығымен газбен қамтылып, республика тұрғындарының 56 пайызы көгілдір отынға қол жеткізетін болады.