Оның сөзіне қарағанда, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ведомство туристік саланы дамытудың тұжырымдамасын жаңартты.
«Осы орайда ішкі және сырттан келетін туризмді дамыту қажеттіліктері, сондай-ақ тиісті инфрақұрылымды және өңірлік мәдени-туристік кластерлерді құру ескерілді. Ертең біздің Тұжырымдаманы Үкімет отырысына енгізетінімізді атап өткеніміз жөн»,-деді Мұхамедиұлы.
Министрдің айтуынша, Тұжырымдамада 6 кластер айқындалып, онда туристік ұсыныстар бойынша Қазақстанның географиялық әралуандығы мен этномәдени сәйкестік көрсетілген. Бұл ретте «Астана - Еуразия жүрегі», «Алматы - Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Алтай інжу-маржаны», «Ұлы Жібек жолының жандануы», «Каспий қақпасы» және «Табиғат пен көшпелі мәдениеттің тұтастығы» бағыттары қамтылып отыр.
«Тұжырымдамада Қазақстан үшін басымдығы бар туризм түрлері қарастырылған. Осы орайда мәдени-танымдық және этнографиялық туризм, оқиғалық туризм, кемпингтік автотуризм, аңшылық- трофейлік туризм, спорттық, сондай-ақ экотуризм ескерілді»,-деді деп түйіндеді сөзін министр.