Оның алға тартқан деректеріне сәйкес, биыл 21,4 млн. гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары себілген. Бұл өткен жылғы деңгеймен тең. Көктемгі егістік алқабы 18,6 млн. гектарды құрайды. Болжам 18,5 га. болған еді.
«Осы жылы астықтың егістік көлемі 2012 жылғы деңгейден 355 гектарға қысқарып, 12 млн. 357 мың гектарды құрады», - деді ол.
А.Мамытбековтің атап өтуінше, ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егістік алқаптары индикативті көрсеткіштерге сай.