Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялық қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.
«Осындай шаралардың бірі - табиғи монополиялардың тарифтер өсімін тежеуі. Бүгінде Үкіметтің 1 мамырға дейін осы тарифтерді ұстап тұру туралы шешімі бар. Біздің пайымымызша, сонымен қатар биылғы жылы жалпы тарифтердің өсіміне мораторий енгізілуі мүмкін»,-деді Қ. Келімбетов.